«Әзірет Сұлтан» мешітіне жаңа наиб имам тағайындалды

Фотография - «Әзірет Сұлтан» мешітіне жаңа наиб имам тағайындалды

Бүгін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Ербол Абдуахитұлы Мәмбетов «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы болып тағайындалды.

363 0

Бүгін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Ербол Абдуахитұлы Мәмбетов «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы болып тағайындалды. Отыздың ортасына аяқ басқан Ербол Абдуахитұлы осыған дейін «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде наиб имамдық қызметінде болып, дін жолында еңбек етіп келген болатын.

1981 жылы Өзбекстан мемлекетінде дүние есігін ашқан ол орта білімді ОҚО, Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауылдық мектебінен алып шығады. Мектеп бітірісімен медіресеге оқуға түскен оның дін жолындағы сапары Шымкент қаласындағы ХҚАУ-дың «дінтану және араб тілі» факультетінде жалғасады. 2002 жылы аталмыш оқу ордасын бітірген Ербол Абдуахитұлы діни білімін Алматы қаласындағы «Таугүл» пансионатында жалғастырды.

2005-жылы Ыстамбұл қаласындағы «Осман қазы» Құран курсын тәмамдаған Ербол Абдуахитұлы елге келген соң Елордамыздағы №4 гимназияда араб тілі мұғалімі болып қызмет атқарады. Кейіннен Қосшы ауылындағы Қабанбай батыр мешітінде көмекші молда қызметіне кіріседі. Кейіннен білімі мен біліктілігі арқасында көзге түскен Ерболды «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіне наиб имамдық қызметке жоғарылатқан болатын.

Қандай жұмыс атқарса да, абыройлы болған қажырлы жанның «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі қызметі де жемісті болуына тілектеспіз! Алла тағала жұмысыңызға береке берсін!


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!