Бас мүфтидің Ақмола облысына сапары басталды

Фотография - Бас мүфтидің Ақмола облысына сапары басталды

Бүгін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Ақмола облысында жұмыс бабындағы іссапары басталды

215 0

Бүгін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Ақмола облысында жұмыс бабындағы іссапары басталды.

«Бас мүфти осы сапар аясында Ақмола облысында өтетін бірқатар іс-шараларға қатыспақ. Алдымен Ақмола облысының әкімі Қосман Айтмұхаметовпен кездесті. Көкшетау қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік университетінде «Дін және дәстүр» тақырыбында өтетін конференцияда сөз сөйлейді деп күтілуде», - деп жазады muftyat.kz.

Сонымен бірге, Бас мүфти Науан хазрет атындағы орталық мешітте жұма намазында жамағатпен кездеседі. Осыдан кейін Көкшетау қаласында салынып жатқан жаңа мешіт құрылысымен танысып, жергілікті телеарнаға сұхбат беру жоспарланған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!