Елордалық мектептердің асханасынан құрттар мен тарақандар табылып жатыр

Фотография - Елордалық мектептердің асханасынан құрттар мен тарақандар табылып жатыр

Мектептегі тамақтандыру жүйесін тендерден алып тастау қажет. Бұл туралы бүгін Астана әкімдігінде өткен дөңгелек үстел барысында «Әділет» тұтынушылар құқығын қорғау одағы төрағасының орынбасары Тұрсын Жақпарова мәлім етті

332 0

Мектептегі тамақтандыру жүйесін тендерден алып тастау қажет. Бұл туралы бүгін Астана әкімдігінде өткен дөңгелек үстел барысында «Әділет» тұтынушылар құқығын қорғау одағы төрағасының орынбасары Тұрсын Жақпарова мәлім етті.

«Біздің «сенім телефондарына» түскен арыз-шағымдар бойынша, дәмханаларда тарақандар жүгіріп жүр, тағамдардан, сусындардан құрттар табылуда. Қадағалау жүйесі боламағандықтан, олар ойларына келгенін істеп жатыр. Біз биыл, былтыр да Үкіметке, Қаржы министрлігіне, ҚР Білім және ғылым министрлігіне мектептегі тамақтандыру жүйесін тендерден алып тастау жөнінде ұсыныс тастадық», - деді Т.Жақпарова.

Оның айтуынша, анықталған фактілер туралы тиісті мемлекеттік органдарға жолданатын болады.

«Бұл тіпті орынсыз дүние. Себебі бір баланы 90-110 теңгеге қалай тамақтандыруға болады?! Біз жүргізген тексеру барысында Астанадағы 28 орта мектептен түрлі деңгейдегі заң бұзушылықтар анықталды. Мысалы, палауда 1 грамм ет қана табылған. Сондай палауды қайдан көрдік?! Тендерге қатысқанда, олар тізім бойынша ара балын беріп жатырмыз дейді. Бірақ балалар бал жемек түгілі, оны көздерімен де көрмеген. Көптеген ас үйлерде санитарлық талаптар өрескел бұзылуда. Тапсырысты алса болды. Біз олардың тізімін береміз, мемлекеттік органдар жазаласын», - дейді маман.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!