Әрбір жаңа дәрі-дәрмекті жасауға 15 жыл уақыт кетеді

Фотография - Әрбір жаңа дәрі-дәрмекті жасауға 15 жыл уақыт кетеді

 Бұл туралы Boehringer Ingelheim компаниясының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Игнатиус Вильджоен онкология саласындағы өз әзірленімдерін таныстыру кезінде айтты.

206 0

Жаңа дәрі-дәрмекті ойлап тауып, қолданысқа енгізуге 12-15 жылдың ішінде 1 миллион еуро жұмсалады. Бұл туралы Boehringer Ingelheim компаниясының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Игнатиус Вильджоен онкология саласындағы өз әзірленімдерін таныстыру кезінде айтты.

1885 жылы Германияның Ингельсхайм қаласында құрылған отбасылық бұл компанияның қазіргі таңда әлемнің түкпір-түкпірінде 46 мың қызметкері бар. Қазақстанда 5 жылдан бері жұмыс жасап жатқан бұл компанияның кейбір өнімдері қазіргі таңда мемлекеттік тапсырыс арқылы сатып алынып, бірқатар аурулар бойынша кең көлемде қолданысқа енгізілуде.

И.Вильджоеннің айтуынша, 2012 жылы 14,691 миллион еуроның дәрі-дәрмегін өндірген бұл компания әлемде 13-орыннан көрінген болатын. Ол адамдармен қатар, жануарларға арналған дәрі-дірмектерді де шығарады. Жалпы қандай да бір жаңа дәрі-дәрмекті жасауға 15 жылға жуық уақыт жұмсалады екен.


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!