ШҚО-да республикадағы алғашқы «Назарбаевтану» орталығы ашылды

Фотография - ШҚО-да республикадағы алғашқы «Назарбаевтану» орталығы ашылды

Өскеменде республикадағы алғашқы «Назарбаевтану» ғылыми-білім беру орталығы ашылды.

175 0

Өскеменде республикадағы алғашқы «Назарбаевтану» ғылыми-білім беру орталығы ашылды. Оның ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті музейінің директоры Алма Сағынғали және жерлесіміз, мемлекеттік қайраткер Сиязбек Мұқашев арнайы келіп, шығысқазақстандықтарды құттықтады.

Елбасының рөлін, Тәуелсіз Қазақстанның құрылуын насихаттау, оның халықаралық және тарихи маңызын арттыру мақсатында ашылған бұл орталықта шығысқазақстандық ғалымдар, жергілікті университет оқытушылары мен студенттері ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік алады. Республикадағы алғашқы «Назарбаевтану» орталығы Шығыста ашылды"Орталықтың басты мақсаттарының бірі – мемлекеттік билік пен білім беру, мәдени және әлеуметтік мекемелерінің, азаматтық қоғам институттарының серіктестігін жолға қою", - деп бөлісті орталық жетекшісі Арайлым Темірбекова. Республикадағы алғашқы «Назарбаевтану» орталығы Шығыста ашылдыС.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің негізінде ашылған орталықта түрлі конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзге іс-шаралар өткізілетін болады. Орталықта Елбасының 200-ге жуық кітаптары қойылған. Бұған қоса, орталықтың ашылу салтанатына орай Астана қаласындағы Тұңғыш Президент мұражайынан Елбасының жеке заттары, Мәскеуде қорғаған докторлық диссертациясының көшірмесі, Инаугурацияда киген киімдері қойылып, «Тарихи таңдау» көрмесі ұйымдастырылды.


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!