Алматыда «Үздік оқушы» байқауының қорытындысы жарияланды

Фотография - Алматыда «Үздік оқушы» байқауының қорытындысы жарияланды

Бүгін Алматыда тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған «Үздік оқушы» байқауының жеңімпаздары анықталды

392 0

Бүгін Алматыда тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған «Үздік оқушы» байқауының жеңімпаздары анықталды.

Оларды қала әкімі Ахметжан Есімов ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Республика сарайында өткен салтанатты кеште марапаттады.

«Қазіргі таңда жастарға еліміздің және әлемнің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында білім алуына барлық жағдай жасалған. Бүгінгі білімді жастарды ертеңгі білікті басқарушыларды даярлау мақсатында осыдан 20 жыл бұрын «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасын бекіту Елбасының асқан көрегенділігі деп білеміз. Қаламызда да жастардың инновациялық бастамалары қолдау тауып, білімді де дарынды оқушыларға жыл сайын арнайы грант ұсынылып келеді. Бүгін де білім мен ғылым, шығармашылық пен өнер саласында жемісті жетістік көрсеткен оқушыларды марапаттайтын боламыз», - деді Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов. Салтанатты рәсім барысында 148 оқушының арасынан ақтық сынға сүрінбей жеткен үздік 26 оқушыға арнайы сертификат, кітаптар топтамасы мен заманауи планшет сыйға тартылды. Бұл құрметке ие болғандар арасында №147 гимназияның 11-сынып оқушысы Әлішер Қабдолданов, 159 гимназияның 11-сынып оқушысы Мақсат Ардақов, №178 лицейдің 10-сынып оқушысы Айкөркем Есмұрзаева, №35 гимназияның 10-сынып оқушысы Ақнұр Бердібекова, №148 мектеп-гимназияның 10-сынып оқушысы Ақсәуле Саяқбай, №143 жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Назерке Мұса бар.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!