Тұңғыш Президент күнінде павлодарлық 72 отбасы қоныс тойын тойлауда

Фотография - Тұңғыш Президент күнінде павлодарлық 72 отбасы қоныс тойын тойлауда

Мереке қарсаңында Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің» салымшыларына ыңғайлы пәтерлердің кілтін тапсырды

143 0

Тұңғыш Президент күнінде павлодарлық 72 отбасы жаңа үйде қоныс тойын тойлауда.

Мереке қарсаңында Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің» салымшыларына ыңғайлы пәтерлердің кілтін тапсырды, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметінен.

Тоғыз қабатты, екі кіреберісті тұрғын үй «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғызылған.

«Бүгінде қазақстандықтар үшін баспана алуға қолайлы жағдайлар жасалған, - деп атап өтті аймақ басшысы. «Біз ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы» жолдауында азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеру бойынша алға қойған міндеттерін орындаймыз».

«Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жыл соңына дейін облыста тағы бес көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі, делінген әкімнің баспасөз қызметінің хабарламасында.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!