Мәскеуде өлтірілген отандасымыздың денесін әкелуге туыстары қауқарсыз

Фотография - Мәскеуде өлтірілген отандасымыздың денесін әкелуге туыстары қауқарсыз

Мәскеуде өлтірілген Біржаханым Нажапованың денесін Қазақстанға жеткізуге үй-іші қауқарсыз

188 0


Мәскеуде өлтірілген Біржаханым Нажапованың денесін Қазақстанға жеткізуге үй-іші қауқарсыз. Жер жыртып қана жан бағып жүрген күйеуінің табысы Мәскеуден мәйіт әкелмек түгілі, нан мен шайына әрең жетеді. Оның үстіне әйелі шетелге емделуге кеткеннен бері шиеттей балаға қарап, қазір үйден шығудан да қалған. Отағасының ендігі бар үміті Сыртқы істер министрлігінде - деп хабарлады  baq.kz

Нажаповтардың үйінде әдеттегі 5 баланың у-шуы естілмейді. Балалар анасын Мәскеуде өлтіріп кеткенін Ресей жаңалықтарынан естіпті. Тек үрпиіскен бүлдіршіндер анасын жоқ деуге қимайды. Қазір әкесі 5 баланың ересектеу үшеуін ғана үйде қалдырып, 7 жасар Шахназ бен 3 жасар Исмирді өзге туыстарының үйіне жіберген. Ес білетіндері болса үй шаруасын алданып, шешелерінің суреттеріне қарап, үнсіз жылап жүр.

Салим Нажапов, Б.Нажапованың ұлы:

- Мені мамам құшақтайтын, шақырып қасына басымнан сипайтын еді. Бетімнен сүйетін еді. Магазинге алып баратын еді, қалаған нәрсемді алып беретін еді.

 

32 жастағы Біржаханым Нажапова басының сақинасы ұстай берген соң тамыз айында Мәскеуге емделуге кеткен. Кейін тоналып, елге қайтатын ақшасы болмай, жекеменшік наубайханаға жалданып жұмыс істеген екен. Қарашаның 21-і күні соңғы рет отбасымен сөйлескен кезде бір аптада Қазақстанға қайтатынын айтып қуантыпты. Арада екі күн өткенде ресейлік тілшілер Біржаханым Нажапова деген әйелдің денесі Мәскеуде айуандықпен өлтірілгенін жаңалықтан хабарлаған.

 

Мехде Нажапов, Б.Нажапованың күйеуі:

- Бес балам бар. Менің жағдайым жоқ. Енді үкіметтен бір жалынып сұраймын да жәрдем бер деп. Денесін әкелейін Ресейден қатынымның. Балаларым жылап жатыр, барып әкел, мамамызды әкел деп.

Әйелінің денесін әкелуге Нажаповтардың расында жағдайы жоқ. Отағасы Мехде көктемнен бастап, күзге дейін жер жыртады. Өзге кіріс жоқ. Бес балаға алатын 6700 теңге жәрдемақы тіпті бір айлық нанның өзіне әзер жетеді. Енді марқұмды Қазақстанға әкелу үшін ауылдастар қолдан келгенше азын-аулақ қаржы жинап бергелі жатыр екен. Тек Сыртқы істер министрілігінің араласуынсыз ол істен нәтиже болмайтын секілді.

 


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!