Мереке күні 20 бала дүниеге келді

Фотография - Мереке күні 20 бала дүниеге келді

Ақтаулықтар ҚР Тұңғыш Президенті күнін кең көлемде тойлады. Теңіздің 1,5 шақырымдай жағалауы абаттандырылып, ел игілігіне берілді. Мұнда қылқалам шеберлерінің ұйтқы болуымен «Өнер» галереясы ашылды

228 0

Ақтаулықтар ҚР Тұңғыш Президенті күнін кең көлемде тойлады. Теңіздің 1,5 шақырымдай жағалауы абаттандырылып, ел игілігіне берілді. Мұнда қылқалам шеберлерінің ұйтқы болуымен «Өнер» галереясы ашылды - деп хабарлады baq.kz

Ал аймақ басшылары қалалық перзентханада болып, ҚР Тұңғыш Президенті күні туылған нәрестелерге бата беріп, босанған жас аналарды құттықтады. Облыстық перинаталдық орталықта 1 желтоқсан күні 20 бала дүниеге келді, ал оның екеуі егіз. Мереке күні алғаш болып жарық дүние есігін ашқандардың бірі – Ақшұқыр ауылының тұрғыны Гүлжамал Қойбағарованың ұлы. 4 келі болып туылған нәрестеге ата-анасы ырымдап Елбасы есімін қоймақ.


Гүлжамал Қойбағарова, Нұрсұлтанның анасы:

- Дүниеге келіп жатқан 5-балам. Ер балам. 2 ұл, 2 қызым бар. Мерекеге байланысты есімін Нұрсұлтан деп қоямыз. Елін қорғайтын, елі мақтанатын азамат болсын деген ниетпен қойдық.


Халила Нұрғалиева, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары:

- Дүниеге келген кішкене балаларды, олардың аналарын мерекемен құттықтап, сыйлықтарын беріп жатырмыз. Маңғыстау облысы туу көрсеткіші бойынша 1-орында аламыз. 1 желтоқсандағы көрсеткіш бойынша облыста 15 мың баладай дүниеге келген.


Президент күні өнерсүйер қауым үшін де үлкен тарту жасалды. ҚР Суретшілер одағының мүшелері Тынышбек Балтабаев пен Аймұрат Таңатов теңіз жағалауынан «Өнер» галереясын ашты. Алғашқы сурет көрмесі Елбасының өмір жолы мен Қазақстанның дамуына арналды. Мұнда кәсіби суретшілермен қатар, жас шеберлердің де туындылары қойылды.


Айтжан Сахиев, Ақтау қаласының тұрғыны:

- Тамаша теңіздің жағасында суретшілеріміз әдемі суреттерін салып, халқымыздың даңқын әрі қарай арттырады деп есептейміз. Үлкен мейрам Президент күніне сәйкес келіп, екеуін бірге тойлаудамыз.


Ақтау жұртшылығы ҚР Тұңғыш Президенті күнін абаттандырылып, көркейтілген теңіз жағалауында тойлады. Халық игілігіне берілген 1,5 шақырымдық жағалауға көше шамдары, 70-ке жуық орындық және көздің жауын алатын мүсіндер орнатылған. Каспийдің сұлу табиғатын тамашалауға мүмкіндік алған тұрғындардың қуанышында шек жоқ.


Тамина Байманақова, қала тұрғыны:

- Елбасы Н.Назарбаевтың арқасында осындай дәрежеге жеттік. Еліме тыныштық тілеймін. Каспий теңізіне жылда демалып, мерекелей берейік. Халқымыз аман, еліміз тыныш болсын!


Жағалауда аймақтағы этномәдени орталықтың ұйымдастыруымен көрме өтті. Сондай-ақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен мерекелік концертті тамашалады. Ән кешінің соңы от шашуға ұласты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!