Павлодарда тәулігіне 7 тонна өнім шығаратын наубайхана іске қосылды

Фотография - Павлодарда тәулігіне 7 тонна өнім шығаратын наубайхана іске қосылды

Павлодарда тәулігіне жеті тонна нан өнімін шығаратын цех ашылды. «Корнлебен» ЖШС аталған кәсіпорынның құрылымы мен жарақтандырылуына 82 млн. теңге инвестиция салды

1040 0

Павлодарда тәулігіне жеті тонна нан өнімін шығаратын цех ашылды. «Корнлебен» ЖШС аталған кәсіпорынның құрылымы мен жарақтандырылуына 82 млн. теңге инвестиция салды.

Наубайхана нанның 15 түрін, ұнның түрлі сұрыптарын, жарма мен макарон өнімдерін шығармақ.

«Корнлебен» аймақтағы ірі бидай шаруашылығы - Ертіс ауданындағы Абай атындағы ЖШС-тің құрамына кіреді. Осы маусымда онда 100 мың тоннадан астам бидай жиналған, оның бір бөлігінен жаңа цехта дайын өнім шығарылады.

Жаңа кәсіпорында 40 адам жұмыс істейді. Орташа жалақы мөлшері - 65 мың теңге.

«Біздің міндетіміз - ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді одан әрі дамыту, бизнеске жан-жақты қолдау көрсету, халықты сапалы өніммен қамтамасыз ету және үлкен экспорттық нарыққа шығу», - деп атап өтті жаңа кәсіпорынның іске қосылуына қатысқан облыс әкімі Ерлан Арын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!