Қазақстанда автобус жүргізушілеріне жоғары талаптар қойылатын болады

Фотография - Қазақстанда автобус жүргізушілеріне жоғары талаптар қойылатын болады

ІІМ-де қолданыстағы заңнамаға жолаушыларды автомобильмен тасымалдау қауіпсіздігін жетілдіруге және арттыруға бағытталған тиісті өзгерістер дайындалды, деп хабарлады ІІМ Әкімшілік полиция комитеті.

203 0

ІІМ-де қолданыстағы заңнамаға жолаушыларды автомобильмен тасымалдау қауіпсіздігін жетілдіруге және арттыруға бағытталған тиісті өзгерістер дайындалды, деп хабарлады ІІМ Әкімшілік полиция комитеті.

Атап айтсақ, қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінің қарауында жатқан «Жол жүрісі туралы» заң жобасында жолаушыларды тасымалдау үшін арналған көлік құралдарын басқару құқығын алуға жүргізушілердің жасын көбейту көзделген.

«Бүгінгі күнде автобусты басқару үшін 21 жастан алуға болатын «Д» санатының жүргізуші куәлігі болуы тиіс. Ал заң жобасында «Д» санатынан басқа «Д1» кіші санаты енгізілуде және көрсетілген санаттарды алу үшін жас шектелімі өсуде» - деп атап өтті ІІМ Әкімшілік полиция комитеті баспасөз қызметінің қызметкері Ирина Лукьянина.

Жүргізушінің орындығынан басқа сегізден он алтыға дейін отыратын орны бар автокөлікті басқару үшін жүргізуші жиырма бір жасқа толуы, онда кемінде үш жыл жүргізуші өтілі, оның ішінде кемінде бір жыл «С1» санатына жататын көлік құралдарын жүргізу өтілі болуы тиіс. Он алтыдан асатын отыратын орны бар едәуір сыйымды автобусты басқару үшін «Д» санатының жүргізуші куәлігін алу қажет, ол жиырма бес жасқа толған, бес жыл жүргізуші өтілі, оның ішінде кемінде үш жыл «D1» санаты бойынша жүргізуші өтілі бар адамдарға берілетін болады.

ІІМ-де бұл жаңалықтар осы санаттағы көлік құралдарын басқаруға тәжірибесіз жүргізушілерді жіберу фактілерінің санын қысқартуға мүмкіндік береді, бұл жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жолаушылар көлігінде апаттылықтың төмендеуіне ықпал етеді деп санайды.

Жолаушыларды, қауіпті жүктерді тасымалдайтын көлік құралдарының жүргізушілерін – әрбір үш жыл сайын, ал елу жасқа толғандарды – жыл сайын деп міндетті медициналық қайта куәландыру мерзімдерін анықтау ұсынылады.

Сонымен қатар қалааралық, облысаралық, ауданаралық және халықаралық қатынастарда түнгі уақыта (23 сағаттан таңғы 06 сағатқа дейін) жолаушылар мен жүкті автобус және микроавтобустармен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыруға тыйым салуды белгілеу жоспарлануда.

«Аталған тыйым салу жүріс кестесіне сәйкес автобустар мен микроавтобустар жүзеге асыратын жолаушыларды тұрақты тасымалдауға таралмайды» - деп нақтылады Ирина Лукьянина.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

темир жол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!