Қарағандылық биші ит YouTube жұлдызына айналды

Фотография - Қарағандылық биші ит YouTube жұлдызына айналды

Дарынды иттің өнерін Қарағандының электриктері ұялы телефонға түсіріп алған.

280 0

Қарағандылық биші ит YouTube жұлдызына айналды.

Дарынды иттің өнерін Қарағандының электриктері ұялы телефонға түсіріп алған. Әртіс Жолбарыс немесе Жулик қонақтарға 80 жылдарда хитке айналған Modern Talking-тің әніне билеп берген. Қожайынының айтуынша, төбет бимен айналысып жүргеніне жарты жылдай болған. «Оның алғашқы қимылдары брейк дансқа ұқсайтын», – дейді Надежда Миронова.

Видео ғаламторға орналастырылғалы әртүрлі пікір айтылған. Бірі иттің талантына тәнті болғандарын жеткізсе, енді бірі дарын иесінің қапаста емес, сахнада өнер көрсетуі керектігін айтады. Кей бишілерге қарағанда әнді әлдеқайда жақсы түсініп, кез келген қимылды әнге сай орындайтынын да сөз еткен. Пікір жазғандар арасында төбетті сатып алуға ниет білдіргендер де бар.

 


Тегтер:

интернет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!