Алматыға кіру ақылы болады

Фотография - Алматыға кіру ақылы болады

Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов бірінші Алматы инвестициялық форумын өткізу кезінде қаладағы кептелістерді азайтудың жолын ұсынды. Бұдан былай қалаға кіру және кей жолдарда жүру ақылы болатынын айтты

127 0

Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов бірінші Алматы инвестициялық форумын өткізу кезінде қаладағы кептелістерді азайтудың жолын ұсынды. Бұдан былай қалаға кіру және кей жолдарда жүру ақылы болатынын айтты.

«Біз мынадай жобаны қолға аламыз. Бұл барлық тұрғындарға бірдей ұнай қоюы екіталай. Яғни, айтпағымыз қалаға кіруді, қаладағы жолдарда жүруді ақылы ету керек. Көлікпен кіргісі келмегендер, қалаға кіре берісте салынатын автотұраққа көлігін тастап кетеді. Бұған қоса, әкім ақылы көлік тұрақтарын енгізу жоспарымен де бөлісті. «Әлемдік стандарттарға сай ақылы көлік тұрақтарын сынақтан өткіздік. Мұндай тұрақтар қазір Лондонда және басқа да бірқатар еуропа елдерінде жұмыс істейді. Келесі жылдан бастап мұндай тұрақтарды жаппай іске қосамыз», - дейді А.Есімов.

Сонымен қатар, әкімдік алдағы уақытта қала тұрғындарын жаппай қоғамдық көліктерге отырғызуды қолға алмақ. Бүгінгі күні қала халқының 26%-ы автобуспен жүрсе, келер жылы олардың санын 33%-ға, ал одан кейін бірте-бірте 50%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр.

«Бұл үшін қоғамдық көліктердің санын арттырып, халықты қала сыртындағы көлік тұрақтарына дейін баратын автобустармен қамтамасыз етуіміз керек. мұны жүзеге асырсақ, Алматыға кіретін көліктердің санын 30%-ға дейін азайтамыз», - дейді қала басшысы.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!