Қазақстанда келесі жылдан бастап 15 жыл қолданыста болатын жаңартылатын энергия көздерінің шекті тарифі бекітілмек

Фотография - Қазақстанда келесі жылдан бастап 15 жыл қолданыста болатын жаңартылатын энергия көздерінің шекті тарифі бекітілмек

Қазақстанда алдағы жылдан бастап 15 жыл қолданыста болатын жаңартылатын энергия көздерінің шекті тарифі бекітілмек

130 0

Қазақстанда алдағы жылдан бастап 15 жыл қолданыста болатын жаңартылатын энергия көздерінің шекті тарифі бекітілмек - деп хабарлады  inform.kz

Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан Қазақстанның жаңартылатын энергетикасы атты инвестициялық форумда ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мәлім етті.

Министр өз сөзінде жаңартылатын энергеия көздерін дамыту себептерін, ауқымын, жоспарын, сонымен қатар мемлекеттік қолдау шараларын айта келе: «Қазір біз жаңартылатын энергия көздері саласының ережелерін әзірлеп жатырмыз. Бүгін мен 2014 жылдан бастап 15 жыл қолданыста болатын тартымды шекті тарифтерді бекітуді жоспарлап отырғандығымызды айта аламын», - деді.

Оның атап өтуінше, министрлік жел стансаларында өндірілетін 1 кВт/сағат электр қуатына тарифті 19, теңге, күн стансалары үшін 29 теңге, шағын су стансалары үшін 14 теңге, биогаз құрылғылары үшін 27 теңге деңгейінде ұсынып отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!