Астананың 1-4 сынып оқушылары бүгін сабақтан босатылды

Фотография - Астананың 1-4 сынып оқушылары бүгін сабақтан босатылды

Бүгін Елордада қар жауып, күшті жел соғып, алай-дүлей боран соғып тұр. Соған байланысты бірінші ауысымда оқитын 1-4 сынып оқушылары үшін сабақтар өткізілмейді

195 0

Бүгін Елордада қар жауып, күшті жел соғып, алай-дүлей боран соғып тұр. Соған байланысты бірінші ауысымда оқитын 1-4 сынып оқушылары үшін сабақтар өткізілмейді.

Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Білім басқармасынан хабарлады.

Желдің жылдамдығы 10-15 м/с құрайды, екпіні 18 м/с жетеді.

«Бүгін күннің суытуына және қатты желге байланысты бірінші ауысымда оқитын 1-4 сынып оқушылары үшін сабақтар өткізілмейді»,- деп хабарлады ведомстводан.

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, елордада ауа температурасы түнде -3;-5°C, күндіз -2;-4°C болады, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Синоптиктердің болжамынша көшпелі бұлт шығады, аздап қар жауады, боран болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!