Семей шаһарының 38 отбасы баспаналы болды

Фотография - Семей шаһарының 38 отбасы баспаналы болды

Семей шаһарының 38 отбасы баспаналы болды. Қоныс той иелеріне пәтер кілтін ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев пен сенатор Сергей Плотников салтанатты түрде табыс етті

238 0

Семей шаһарының 38 отбасы баспаналы болды. Қоныс той иелеріне пәтер кілтін ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев пен сенатор Сергей Плотников салтанатты түрде табыс етті.

Волгоград көшесінің бойынан бес гектар аумақты алып жатқан жаңа тұрғын үй кешені «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының үшінші бағыты бойынша бой көтеріп, ондағы үйлер экономикалық әлеуеті әлсіз деп танылған елді мекендерден қоныс аударушыларға беріліп отыр. 346 млн. теңгеге жуық қаражаттың 257,5 млн. теңгесі республика бюджетінен бөлінсе, қалған қаржы жергілікті бюджет есебінен қарастырылыпты. Мұндағы 50 үй заманауи көмір жағатын пештермен жылытылады. Көпіршік бетонды блоктан салынған үйлердің ауласында шағын ғана қосымша құрылыстар бой көтеріпті. Оны тұрғындар өз қалауына қарай жазғы асхана немесе отын қоймасы ретінде пайдаланып отыр. Ыстық су мен суық су тартылған, жуыну бөлмесі бар төрт бөлмелі кең үйге ие болғандардың көбі - Абыралы өңірінің елсіз қалған ауылдарынан, Абай және Зайсан ауданының шеткері елді мекендерінен келген отбасылар. Енді бұларға Жарма, Тарбағатай, Аягөз аудандарынан келген отбасылар қосылмақ. Бұл күні пәтер кілтін өңір басшысы мен сенатордың қолынан алған 38 отбасының бесеуі жетім балалар үйінің тәрбиенеушілері болса, біреуі шеттен келген қандасымыз болды.

Баспанаға ие болғандарды құттықтаған өңір басшысы қолданысқа берілген үйлерге бас сұғып, тұрғындардың жаңа баспанаға қалай орналасып жатқанымен танысты.

«Жетім көрсең, жебей жүр» деген қазақ нақылының шарапатын көргендердің бірі - Марина Минапова қуаныштан көз жасына ерік бере тұрып, бағдарламаны баянды етіп іске асырған басшыларға алғысын білдірді. Бүгінде отбасын құрып үлгерген Марина екі баласына дұрыс баспана тауып бере алмай, қатты қиналған шақтары артта қалғанына қуанатанын да жеткізді. Ал Абралының Бегалин кеңшарынан келген Мейрамғали Рахтаев үйге қоныстанғалы бері көңілдері тоқ екенін айтады.

«Ең бастысы, үйіміз жылы. Енді әкімдіктегілер тұрақты жұмыс тауып береміз деп отыр. Әзірге көрсетіп жатқан көмектеріне дән ризамыз», - дейді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!