Қостанайда ауыр жүк көлігін құрастыратын жаңа желі іске қосылды

Фотография - Қостанайда ауыр жүк көлігін құрастыратын жаңа желі іске қосылды

Италияның Iveco компаниясымен бірлескен жоба еліміздің автоөндірісін жаңа белеске көтереді.

485 0

Италияның Iveco компаниясымен бірлескен жоба еліміздің автоөндірісін жаңа белеске көтереді.

Озық технологиялық желіні орнатуға 750 млн. теңге жұмсалған. Жоспар бойынша алғашқы жылы 600 жүк көлігі шығарылмақ. Одан кейін өндіріс көлемін 2 есеге арттыру көзделіп отыр. Ауыр жүк көліктеріне қазір сұраныс көп. Соңғы жылдары Ресейдегі автоөндірістің 20-25%-ға дейін құлдырап кетуі отандық  кәсіпорындардың мүмкіндігін арттыра түсті. Болашақта осы Iveco базасында әскери және басқа да көлік түрлерін құрастыру жоспарда бар.

Альберт Рау, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бірінші орынбасары:

- Мұның барлығы «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» және «Өнімділік-2020» бағдарламалары аясында жүзеге асып отыр. Біз жетекші сала жобаларын әлі де қаржыландырамыз. Бірінші кезекте машина жасау, яғни автоөндіріс маңызды. Бүгін – маңызды күн. Себебі ауыр жүк көліктері енді елімізде  құрастырылады. Қазақстанда КамАЗ шығарылатындығын білесіздер. Салыстыратын болсақ, көліктер баға жағынан бәсекеге қабілетті. Ал сапа жағынан да артықшылығы бар.


Тегтер:

завод

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!