Биыл СҚО-да 4 мыңнан астам ауыл тұрғыны таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі – С.Ескендіров

Фотография - Биыл СҚО-да 4 мыңнан астам ауыл тұрғыны таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі – С.Ескендіров

Биыл «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысында 4 мыңнан астам ауыл тұрғыны таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Бұл жөнінде бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Самат Ескендіров мәлім етті

144 0

Биыл «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысында 4 мыңнан астам ауыл тұрғыны таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Бұл жөнінде бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Самат Ескендіров мәлім етті.

«Біз ауыл адамдары жақсы өмір сүруі үшін қолдан келгеннің бәрін істеуіміз керек. Атап айтқанда, ауылдың проблемаларына баса назар аударуға тиіспіз. Ең алдымен, облыстағы елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету және тозығы жеткен жолдарды жөндеуіміз қажет. Су мен жол – біздің басты проблемамыз», - деді облыс әкімі.

«Бүгінде облыста орталықтандырылған су жүйесіне қолжетімділікті 80 пайызға жеткіздік. Қалаларда бұл көрсеткіш 100, ал елді мекендерде 73 пайызды құрайды. 2013 жылы «Ақ бұлақ" бағдарламасын жүзеге асыру 4200 тұрғыны бар 6 ауылдың тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуге, 20 мың тұрғыны бар 7 елді мекенде сумен қамтамасыз етуді жақсартуға мүмкіндік береді», - деп толықтырды С.Ескендіров.

Сондай-ақ бағдарлама аясында ұзындығы 130 шақырымнан астам топтық су құбырын модернизациялау көзделген.

«2014 жылы бұл жұмыс 42 ауылда жалғасады. Ал бұл 37 мың адам», - деді өңір басшысы.

С.Ескендіров атап өткендей, облыста жолдарды жөндеуге де ерекше көңіл бөлінеді - деп хабарлады   bnews.kz

«Алғаш рет жергілікті маңыздағы жолдарға биылғы жылы 5 млрд 400 млн теңге бөлінді. Бұл өткен жылғыдан екі есе артық. Соның ішінде облыстық бюджеттен алғаш рет 2 млрд 600 млн теңге бөлдік. Жалпы алғанда 2013 жылы 12 млрд 400 млн теңге игерілді», - деп түйіндеді облыс әкімі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!