Жеті сайт жабылады

Фотография - Жеті сайт жабылады

Сот шешімі бойынша Алматы прокуратурасы алкоголь өнімдерін жарнамалайтын 7 шетелдік сайтты заңсыз деп таныды. Бұл туралы қалалық прокуратурадан хабарлады

232 0

Сот шешімі бойынша Алматы прокуратурасы алкоголь өнімдерін жарнамалайтын 7 шетелдік сайтты заңсыз деп таныды. Бұл туралы қалалық прокуратурадан хабарлады.

«Алматы қаласының прокуратурасы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын алкоголь өнімдерінің жарнама мониторингін өткізді. Нәтижесінде Қазақстан Республикасының барлық аумағының қолданушылар еркін кіре алатын 7 шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында-интернет-ресурстарында алкоголь өнімдерінің жарнамаланатыны белгілі болды», - делінген сайттағы хабарда. Белгілі болғандай, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң бойынша 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап алкоголь өнімдерінің жарнамасына тыйым салынған. Сонымен қатар, «Жарнама туралы» заң бойынша этил спирті мен алкоголь өнімінің жарнамасына да тыйым салынған. Сонымен, қала прокурорының өтінішін Бостандық аудандық сотының шешімі қанағаттандырды және интернет-ресурстарда орналасқан алкоголь өнімдерінің жарнамаларын орналастырған 7 шетелдік БАҚ заңсыз деп танылды. Олардың ары қарай республика аумағында таралуына тыйым салынды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!