Жетім балалар баспаналы болды

Фотография - Жетім балалар баспаналы болды

«Қазақстан – 2050» стратегиясында әлеуметтің жағдайын жақсарту жайы қарастырылған

391 0

«Қазақстан – 2050» стратегиясында әлеуметтің жағдайын жақсарту жайы қарастырылған - деп хабарлады   baq.kz

Әсіресе жетім балаларды қамқорлыққа алу, оларды қоғам қатарына қосу – мемлекет мойнындағы абыройлы іс. Ақмола облысының Бурабай ауданы абыройлы істі артығымен орындап отыр. Бір күнде Шучье қаласындағы 28 жетім бала баспаналы болды. Виктор Безденежных қазір 22 жаста, ал оның 9 жылын балалар үйінде өткізген. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жеткіншек жетімдіктің ащы дәмін тата жүріп, тағдырдың салғанына төзе білді. Кейбіреулер секілді араққа салынып сынбады, қайта спортпен шұғылданып, қайрала түсті.

Виктор Безденежных, балалар үйінің тәрбиеленушісі:

- Мен балалар үйіне тап болғаныма мың алғыс айтамын. Онда болмасам, қазір қайда жүрер едім? Ал балалар үйінде маған тәрбие, білім берді, елімнің патриоты етіп өсірді.

Ол кәмелет жасқа толғаннан кейін Щучье қаласындағы колледжге оқуға түсіп, отбасылы болады. Тұңғыш қыздары дүниеге келген жас отбасының жалғыз арманы баспаналы болу еді. Бұл арман да күтпеген жерден орындалды.

Виктор Безденежных, балалар үйінің тәрбиеленушісі:

- Екі күн бұрын бізге қоңырау шалып, әкімдікке шақырды. Баспаналы болдыңдар деді. Біз алғашқыда сенбедік. Жүрегіміз жарылардай қуандық. Енді пәтерміз бар, қосымша жұмыс істеп, отбасымды асыраймын. Үлкен қолдау, қамқорлық болды.

Бір күнде 28 бала баспаналы болды. Барлығы әртүрлі тағдырмен тастанды атанған. Бұған дейін әр бұрышты паналап жүрген жеткіншектер енді бір шаңырақ астында бас қосты.

Нұрлан Нұркенов, Бурабай ауданының әкімі:

- Мемлекеттік бағдарламада ең бірінші кезекте жетім балаларға үй берілу керек деп бекітілген. Бұл Елбасының көреген саясаты арқасында жүзеге асуда. Біз сол тапсырманы орындап отырмыз. Міне, үй алған азаматтардың жарқын болашаққа деген үміті оянып, елдің ертеңі үшін еңбек етуге аянбай кіріспек.

«Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында жақын күндері тағы үш жетім балаға пәтер беру жоспарланып отыр. Осылайша жыл соңына дейін отыздан астам жас отбасы қоныс тойын тойламақ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!