Арқалықтағы ғимараттар жермен-жексен болды

Фотография - Арқалықтағы ғимараттар жермен-жексен болды

«Шағын қалаларды дамыту» бағдарламасы негізінде Арқалық қаласындағы ұзақ жылдар бос тұрған көпқабатты үйлер бұзылып, орындары тегістелуде. Қауіп төндірген ғимараттардан құтылу қала тұрғындарының қашаннан бергі тілегі еді

459 0

«Шағын қалаларды дамыту» бағдарламасы негізінде Арқалық қаласындағы ұзақ жылдар бос тұрған көпқабатты үйлер бұзылып, орындары тегістелуде. Қауіп төндірген ғимараттардан құтылу қала тұрғындарының қашаннан бергі тілегі еді

9 ықшамаудан - Арқалықтағы ең жаңа аудандардың бірі. Көпірмен жалғасатын қаланың орталығының көрінісі айтарлықтай мәз емес. Бұл ауданнан бөлек, 6, 7, 8-ықшамаудандардың да сиқы сондай. Қаңыраған қоныстарға, көбіне бұзақылар мен қаңғыбастар үйір. Апат бар деп ойламайтын балалар да осы жерлерге ойнауға құмар. Оңай олжа іздеген талай адамның өлі денесі тас үйінділердің астынан табылды.

Арқалықта 117 апатты көпқабатты үй, 36 әкімшілік ғимарат бар. Апатты жағдайда тұрған үйлерді бұзу жұмыстарына 2 мердігер, бірнеше бригада жұмылдырылған. Олардың әрқайсысының өз жоспары бар.

Ағымдағы жылы «Шағын қалаларды дамыту» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 100 млн. теңге бөлінген. Қазір Арқалық қаласындағы 17 үйдің 9 үйі бұзылды - деп хабарлады  baq.kz

Жоспар бойынша 2016-2017 жылдары Арқалық апатты ғимараттардан толықтай арылады. Бұлардың орнын абаттандырып, жеке үйлер салуға жер телімдерін беру көзделген


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!