Чехия дәрігерлері Астанада шеберлік сыныбын өткізді

Фотография - Чехия дәрігерлері Астанада шеберлік сыныбын өткізді

Астанада Чехия дәрігерлері сан-жамбас буынын ауыстыру бойынша шеберлік сыныбын өткізді.

314 0

Астанада Чехия дәрігерлері сан-жамбас буынын ауыстыру бойынша шеберлік сыныбын өткізді.

Елордалық туберкулезге қарсы диспансерде Клатови қаласының аймақтық ауруханасының жетекші маманы, ортопедия бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Ян Пешек «Сан-жамбас буынын алғаш рет толық эндопротездеу» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді.

Шеберлік сыныбы аясында чех мамандары Астана қаласының туберкулезге қарсы диспансерінің остеохирургиялық бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Әділет Дүйсембаевпен бірге сан-жамбас буындарының жұмысын қалыпқа келтіруге және туберкулездік процес кезінде ірі буындарды эндопротездеуді қолдану аясында өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған 2 ота жасады.

Чех мамандары мен Астана қаласының денсаулық сақтау ұйымдарының травматолог, фтизиатр мамандарының кездесуі табысты болды, науқастарға одан әрі көмек көрсету әдістемесін жетілдіруге септігін тигізетін және туберкулезге қарсы қызметтің медициналық қызмет көрсету сапасын арттыратын өзара кәсіби байланыс орнатылды.


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!