Павлодарда ыстық тамақ ішу пункті ашылды

Фотография - Павлодарда ыстық тамақ ішу пункті ашылды

Павлодарда ENRC PLC металлургиялық корпорациясының құрамына енетін компаниялардың қызметкерлерімен мұқтаж жандарға ыстық тамақ ішу пункті ашылды деп хабарлайды корпорацияның баспасөз қызметі

155 0

Павлодарда ENRC PLC металлургиялық корпорациясының құрамына енетін компаниялардың қызметкерлерімен мұқтаж жандарға ыстық тамақ ішу пункті ашылды деп хабарлайды корпорацияның баспасөз қызметі.


«Павлодарда панасыз жандарды тегін тамақтандыру шарасы ұйымдастырылуда. «Қамқорлық» қорын ашуға мұрындық болған ENRC құрамына енетін «Қазақстан электролиз зауыты» мен «Қазақстан алюминий» акционерлік қоғамдарының 69 металлургі. Осы игі шараны екі мекеменің цех пен бөлімше басқарушылары толық қолдады»,-делінген хабарламада.


Зәру жандарды арнайы құрастырылып жабдықталған контейнерде астандыруда. Пункт облыстың тубдиспансердің жанында орналасқан. Қалалық әкімшіліктің ақпараты бойынша, бұл жерде панасыздар көптеп кездеседі.


Контейнерде барлық қолайлы жаңдайлар жасалған - жылу, жарық пен қырық  шақты тұлғаға арналған ас ішу аймағы бар. Пункт есігі күн сайын сағат 12.00-ден 14-00-ге дейін ашық. Түскілік - бірінші, екінші ас пен салат, нан мен піскен тоқаштардан тұрады.


Мекемелер өкілдерінің айтуы бойынша, аталмыш шара тек ыстық аспен ғана шектелмейді. Олар мұқтаж азаматтарды қысқы мерзімге жылы киім мен аяқ киіммен қамтамасыз етпек. Сондай-ак, құжаттарды қалпына келтіру сұрақтарын да шешіледі.


- Бұл азаматтар өмірдің қиын да қатер кезеңіне тап болып отыр. Және осы мәселені біздің жетекшіміз жаксы түсінеді. Дағдарысқа қарамастан ол әрдайым көмектесуге дайын. Біздің ойымызша оның бамтамасы аймағымыздың өзге мекемелері үшін мысал болуы тиіс, - деп ерекшеледі «ҚЭЗ» АҚ алғашқы партиялық ұйымының төрағасы Балғабек Алежанов.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!