Алматы қаласының 1,5-миллионыншы тұрғыны тіркелді

Фотография - Алматы қаласының 1,5-миллионыншы тұрғыны тіркелді

2013 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Алматы қаласының халық саны 1 501 мың адамды құрады, деп хабарлайды ҚР Статистика агенттігі

212 0

2013 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Алматы қаласының халық саны 1 501 мың адамды құрады, деп хабарлайды ҚР Статистика агенттігі.

1,5-миллионыншы тұрғынның тіркелу күнін анықтау мақсатында Алматы қаласының халық санын 31 қазаннан бастап күнделікті халықтың өзгеру компоненттері (туу, өлім, тұрғылықты тұрғын жерге (ТТЖ) көшіп келу және кету саны) негізінде кері есептеу процесі жүзеге асырылды. Нәтижесінде Алматы қаласында 2013 жылғы 27 қазан күнінің соңына 1 499 916 адам тұрғаны анықталды, 28 қазан күні бойы Алматы қаласының АХАТ органдарында 82 туғандар, 46 қайтыс болғандар тіркелген, көші-қон полициясы қызметтерінде ТТЖ 325 келгендер және 53 кеткендер тіркелген. Осы күні Алматы қаласының халқы 308 адамға көбейіп,

1 500 224 адамды құрады. Осылайша, 1,5-миллионыншы тұрғынның тіркелу күні - 2013 жылдың 28 қазан болып табылды.

Алматы қаласының АХАТ органдарында тіркелген, туу туралы азаматтық хал актілерінің екінші даналарының негізінде Агенттікпен қалыптастырылған туу статистикалық базалар дерекқорында аталған критерилерге жауап беретін нәрестелер арасынан үміткерді іздеу нәтижесінде, 1,5-миллионыншы тұрғын ретінде 2013 жылдың 26 қазанында анасынан туу кезектілігі бойынша екінші болып туған ұл бала анықталды.

Туылған кезінде баланың салмағы 3 884 грамм, бойы - 53 см. Нәрестенің есімі - Шыдас, тегі - Алдан. Шыдас Ерболұлы Алдан ата-анасының тұратын жері бойынша Алматы қаласы, Алмалы ауданының АХАТ органдарында ағымдағы жылдың 28 қазанында тіркелді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!