«KazFran» көрмесі енді дәстүрлі шараға айналатын болды

Фотография - «KazFran» көрмесі енді дәстүрлі шараға айналатын болды

Бүгін Алматыда алғашқы қазақстандық «KazFran-2013» көрмесі өтіп жатыр. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Басқама төрайымы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның қолдауымен Еуразиялық франчайзинг қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырған бұл көрме алдағы уақытта дәстүрлі шараға айналмақ

179 0

Бүгін Алматыда алғашқы қазақстандық «KazFran-2013» көрмесі өтіп жатыр. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Басқама төрайымы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның қолдауымен Еуразиялық франчайзинг қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырған бұл көрме алдағы уақытта дәстүрлі шараға айналмақ - деп хабарлады  ҚазАқпарат

«Алғашқы ұлттық көрмеге 20 франчайзерлер қатысуда. Оның ішінде «KURALAI» авторлық жоғары сән үйі, «MIMIORIKI» киім өндіруші компаниясы, «Red Dragon» сауда желісі, «Сұңқар» медициналық компаниясы және тағы басқалар бар. Біздің басты мақсатымыз - оларды үлгі етіп көрсету арқылы отандық нарықты дамытуға түрткі болу. Өйткені Қазақстанда қазіргі таңда орта және шағын бизнес субъектілерінің тек 4 пайыздайы ғана франчайзингтің игілігін көріп отыр», - дейді Л.Ибрагимова. Оның айтуынша, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры қазіргі таңда отандық франчайзерлерлерді қолдау жұмысын бастап кетті. Бүгін олардың кейбіреуі осы шараға қатысып жатыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!