«Барахолка» былығының бір ұшы «Бекет»-пен байланысты

Фотография - «Барахолка» былығының бір ұшы «Бекет»-пен байланысты

Бүгін Кедендік бақылау комитеті Төрағасының орынбасары Аманияз Ержанов пен Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ренат Смағұловтың қатысуымен өткен баспасөз мәслихаты барысында ведомство өкілдері осындай ой айтты

230 0

Бүгін Кедендік бақылау комитеті Төрағасының орынбасары Аманияз Ержанов пен Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ренат Смағұловтың қатысуымен өткен баспасөз мәслихаты барысында ведомство өкілдері осындай ой айтты.

- Өздеріңіз де хабардар шығарсыздар, осы «Барахолка» базарының өртенуінен кейін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов те осындай пікір айтқан болатын. Біз мұны жоққа шығара алмаймыз. Себебі, ол базарға жеткізілген тауарлардың арасында Қытай мен Қырғыз жақтан заңсыз шекара асып келген контрабандалық тауарлар жоқ деу, тағы қисынға келмейді. Кеден саласында қызмет ететін мамандарымыз мейлінше талапқа сай өз міндеттерін шапшаң әрі мінсіз орындауға тырысып, сенім үдесінен шығуда. Дегенмен, шекараны заңсыз кесіп өтетін тауарлар мен жүктер ағыны да азаймай отырғаны белгілі. Осындай келеңсіздіктердің алдын алып, көрсеткішін азайту мақсатымен «Бекет» жедел-профилактикалық шарасын қолға алдық. Мұның нәтижесінде, біз «Барахолка» базары секілді сауда орталықтарына жеткізілетін заңсыз тауарлардың жолын кесеміз. Айналма жол арқылы тиісті мемлекеттік төлемдерден бас тартқан кәсіпкер, компанияларды анықтап, олардан заңға сәйкес айыппұл өндіріліп алынады. Яғни, бұл ұзақмерзімді «Бекет» операциясын жүзеге асыру арқылы, «Барахолка»-ға келетін заңсыз тауарлар желісінің жолын кесу деген сөз. Осы жағынан «Барахолка» былығының бір ұшы «Бекет»-пен тығыз байланысты, - деді Аманияз Қасымұлы.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!