Алматыда автобус жүргізушілерінің жалақысы 200 мың теңге болады

Фотография - Алматыда автобус жүргізушілерінің жалақысы 200 мың теңге болады

Алматыда жолаушы тасымалдайтын кәсіпорындардың саны едәуір қысқаратын болды

336 0

Алматыда жолаушы тасымалдайтын кәсіпорындардың саны едәуір қысқаратын болды. Дәлірек айтқанда, қоғамдық көліктер арқылы кәсібін дөңгелеткен 24 кәсіпкердің тек бес-алтауы ғана нарықта бизнесін сақтап қалуы мүмкін. Ал келіспегендерге талап күшеймек. Осылайша, алып шаһарда жол ережесін жиі бұзатын, тәртіпсіз жүргізушілерге жұмыс табу қиынға соғатын түрі бар. Тіптен, олардың қара тізімі де әзірленіпті.

Жолаушының көптігінен есігі жабылмаған көлік, темекі түтінін бұрқыратқан жүргізуші. Алып қалада көлік қозғалысын осылай қиындатып жүрген қоғамдық көліктердің мыңдаған бейнекөрінісі мен фотосуретін арнайы мобильді топ бір жыл бойы жинаған. Нәтижесі де бар. Мынау тәртіпке бағынбайтын, жол ережесін сақтамайтын 60-тан астам жүргізушінің тізімі. Енді оларды бірде-бір кәсіпорын жұмысқа алмайды.

ВАЛЕРИЙ КИСЕЛЬНИКОВ, МОБИЛЬДІ ТОПТЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Мұның барлығы автопарктердің директорларына жіберіледі. Ал олар жүргізушінің әр бұзған ережесіне қарай шара қабылдайды.

 

Жаңа жылдан кейін аялдамада дауыстап жолаушы жинайтын билет сатушыларда болмайды. Олардың қызметі электронды билеттермен алмастырылмақ. Қазір қалалақ әкімшілікте жолақы төлейтін карточканың нұсқасы дайын.

 

ЮНУС ГАГИЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАУШЫ КӘСІПОРЫНДАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Тәртіп орнатамыз,егер біз жеке ақшаларды айналымнан алып тастасақ, онда жүргізушілерге лайықты жалақысын 50-100 мың емес, 180-200 мың теңге етіп тағайындаймыз.

Жолаушы тасымалдаушы кәсіпорындарды жаңа жылдан бастап, өзге де реформалар күтіп тұр. Қаладағы 24 кәсіпорынның арасында тек техникалық мүмкіндігі озық, яғни көліктерінде ақауы жоқ, еңбек өтілі мінсіз, медициналық жабдықтары талапқа сай компания ғана нарықта қалады.

Алайда, бұдан кейін көшеде жүйіткитін автобустар азаяды дегенге сену қиын. Өйткені, Алматыда жүргізуші жетіспейді - деп хабарлайды  baq.kz

Алып шаһардағы қоғамдық көлік бизнесіндегі оңтайландыру дау-жанжалға айналмаса да, жолақы құнына қатысты жаңалық жағымсыз болып тұр. Жолаушы тасымалдаушы кәсіпорындар оқушылар, студенттер мен зейнеткерлерге арналған айлық жүру билетін тағы 300-500 теңгеге қымбаттату туралы қалалық маслихатқа ұсыныс жолдап отыр. Оны депутаттар қолдай ма, ол жағы келесі жылы белгілі болмақ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!