Сиырлар қазақ күйлерін тыңдап сауылады

Фотография - Сиырлар қазақ күйлерін тыңдап сауылады

 Қызылорда облысының Қазалы ауданындағы мал шаруашылығының бірінде күніге үш мезгіл музыка ойнайды

164 0

 Қызылорда облысының Қазалы ауданындағы мал шаруашылығының бірінде күніге үш мезгіл музыка ойнайды.

  Сауылатын кезде Моцарт, Бетховен сынды классик композиторлардың музыкаларын тыңдайтын сиырлар енді қазақтың күйлерін тыңдауға кірісті. Жуырда ветеринарлар Құрманғазының, Дина Нұрпейісованың күйлерін және беріректегі туындыларды да қойып, репертуарды біршама өзгертті. Аратұра Асылбек Еңсепов пен «Ұлытаудың» орындағы да күйлер шырқалады - деп хабарлады   baq.kz

Мал дәрігері Дәурен Сүйіновтің айтуынша ауылшарушылығы саласындағы әлемдік практикада бұл тәсіл көптен қолданылып келеді екен. Музыканының сүт шығынына әсер ететіні ғылымда дәлелденген.

Бүгінде Венгриядан әкелінген «голштинфриз» асыл тұқымды 475 бас сауынды сиыр автоматты жүйемен сауылады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!