ОҚО-да екпеден бас тартқандар көбеюде

Фотография - ОҚО-да екпеден бас тартқандар көбеюде

ОҚО-да жылдан-жылға екпеден бас тартқандар қатары күрт көбейіп келеді. Былтыр иммундауға қарсы шыққандар саны 100-ге жуықтаған болса, биыл жыл басынан бері баласына түрлі дерттерге қарсы екпе салдырудан 300-ден астам ата-ана бас тартқан

368 0

ОҚО-да жылдан-жылға екпеден бас тартқандар қатары күрт көбейіп келеді. Былтыр иммундауға қарсы шыққандар саны 100-ге жуықтаған болса, биыл жыл басынан бері баласына түрлі дерттерге қарсы екпе салдырудан 300-ден астам ата-ана бас тартқан. Бұл жайында өңірдің салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары мәлімдеді.

Ақ халатылар бұл жағдайға қатты алаңдап отыр. Айта кетейік, екпеден бас тартушылардың 78 пайызы діни көзқараста болса, 22 пайызына бұқаралық ақпарат құралдарында таратылған материалдар әсер еткен. Қазір дәрігерлер ата-аналармен арнайы кездесіп, екпеден бас тартпауға үгіттеуге кірісті.

Сала мамандары вакцина уақтылы алынбаса, түрлі дерттер дендеп кетуі мүмкін деп қауіптенеді. ОҚО эпидемиялық қадағалау басқармасының бөлім басшысы Қарлығаш Төлендиева екпеден бас тартушылар көбейе беретін болса, халықтың иммундық белсенділігі төмендеп кететінін алға тартады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!