Алматыда қала ортасындағы бірнеше базар алынып тасталады

Фотография - Алматыда қала ортасындағы бірнеше базар алынып тасталады

Бұл туралы қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ғабит Садырбаев мәлім етті.

123 0

 Алматыда Рысқұлов көшесінен бастап Үлкен Алматы каналына дейінгі аралықтағы аумақтың нақты жоспарының жобасы бекітілді. Бұл туралы қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ғабит Садырбаев мәлім етті.

«Бас жоспарда бұл аралықтағы базарлардың барлығын қайта салу және «қызыл сызық» бойындағы аумақтарды босату ескерілген. «Қызыл сызық» – жол ортасынан оңға және солға 60-130 метр аралығындағы аумақ. Солтүстік қанаттағы 64 базардың ішінде – «Болашақ», «Сауран», «Строй-сити» және «Сәлем» базарларының жобасы дайын. «Қызыл сызық» бойында «Жеңіс», «Жетісу», «Том инвест» базарлары, «Асан» сауда үйі, «Аягөз» базары орналасқан. Бұл базарлар толығымен бұзылуы тиіс», - дейді Садырбаев.

Апатты жағдайда тұрған базарлар реттеліп, саудагерлер сауда орталықтарына көшіріледі. Осының арқасында қаланың ең өзекті проблемасына айналған – аудандағы көлік кептелісін осылайша сейілтеміз. Бұл үшін жаңа жол салу қажет дейді құзырлы орган мамандары.


Тегтер:

Алматы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!