Алматыда жылжымайтын мүлікке қатысты алаяқтық көбейіп кетті.

Фотография - Алматыда жылжымайтын мүлікке қатысты алаяқтық көбейіп кетті.

деп хабарлайды Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

192 0

Алматыда алаяқтар жылжитын және жылжымайтын мүлікті иемдену, банк есеп-шотындағы ақшаны алып қоюға, сондай-ақ  қаржы ұйымдары адамдарын арбау арқылы тартқысы келеді, деп хабарлайды Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

«Алаяқтықтың әдістері әртүрлі және кейбірі тіпті шындыққа біршама жақын секілді көрінеді. Алаяқтық жасайтын адам өзін кәсіпкер ретінде, табысты «трейдер» немесе қаржы нарығы саласының маманы ретінде таныстырады. Шетелде, Қазақстанның түрлі қалаларында тауар сатуды, инвестициялық жобаларға бірлесіп қаржы салуды ұсынып ортақ пайда табатынына уәде береді», - деді Алматы қалалық ІІД тергеу басқармасының міндетін атқарушы Арман Ерәлиев.

Полицейлер алаяқтардың ішінде биыл В.Корнеевтің ісі атышулы болғанын айтады. Ол әйелімен бірігіп 263 адамды алдап, оларға 536 миллион теңге шығын келтірген.

«Аталған істерді тергеу үшін оның ішінде аса ауыр қылмыстарды ашуға полиция бөлімшесінде жедел-тергеу топтары құрылады. Сонымен бірге, баспасөз беттерінде алаяқтықтың ең көп таралған әдістері туралы және жеке мүлікті сақтау жолдарына қатысты мәліметтерді ұдайы жариялаймыз», - дейді А.Ерәлиев.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!