Түркі жазуының күнін атап өту ұсынылды

Фотография - Түркі жазуының күнін атап өту ұсынылды

Түркі жазуының күні белгіленіп, аталып өтуі тиіс.

166 0

Түркі жазуының күні белгіленіп, аталып өтуі тиіс.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Алдан Смайыл Әлеуметтік-мәденидаму комитетінің отырысында осындай ұсыныс жасады. Осыдан 12 жыл бұрын дәл осы күні Моңғолиядан Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне Күлтегін ескертіші әкелінген еді. Салтанатты шараға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан болатын. Бүгінге дейін түркітілдес мемлекеттердің ешбірінде көне түркі жазуларының күні аталып өтілмеген. Осы орайда ұлттық құндылықтарымыз бен тарихи жәдігерлерімізді дәріптеп, насихаттау мақсатында халық қалаулыларымен түркі жазбаларының мұражайын ашу және ғаламтордан арнайы сайт ашу ұсынылды. Сондай-ақ, елорда көшелерінің біріне байырғы руна-сына, немесе түркі тілдерінің құрметіне ат қою керектігі айтылды. Басқосуда сөз алған профессорлар алқасы мектептерде кем дегенде 10 сағат көне түркі тілі сабағын жүргізу және жоғары оқу орындарыннда кәсіптік пән ашу қажеттігін жеткізді.

Алдан Смайыл,ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бұл әлі ресми бекітілген жоқ. Біз бұл ұсынысты Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті Білім және ғылым министрлігіне, сосын Мәдениет және ақпарат министрлігімен кеңесіп, Үкіметке ұсынбақ. Егер сол жақтан дұрыс деп шешіп жатса, онда осы күн белгіленеді.


Тегтер:

Мереке

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!