Марқұм Александр Горюнов «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

Фотография - Марқұм Александр Горюнов «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов марқұм Александр Горюновке берілген «Ерлігі үшін» медалін оның жесіріне тапсырды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

251 0

Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов марқұм Александр Горюновке берілген «Ерлігі үшін» медалін оның жесіріне тапсырды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Қала басшысы Александр Горюновтың шынайы ерлігі арқасында қайғылы жағдайға жол берілмеді, адамдар зардап шекпеді деді. Ахметжан Есімов әкімдік пен «Гелиос» компаниясының асыруашысынан айрылған отбасына қолдан келгеннің бәрін жасайтындықтарын айтты.

«Александрдың ерен ерлігін барлық қазақстандықтар жоғары бағалады. Егер ол батылдық танытып, ерлік жасамағанда қайғылы трагедия орын алып, адамдар өміріне қауіп төнетін еді. Ол өзін нағыз ер-азамат және батыр ретінде көрсетті. Біз өз тарапымыздан көмегімізді жасайтын боламыз», - деді Ахметжан Есімов.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың 27 маусымында Сейфуллин – Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында жол көлік оқиғасы болып, соның салдарынан бензовоз жарылған еді. Оның жүргізушісі Александр Горюнов ерлікпен қаза тапты. 27-жастағы Александр отбасындағы жалғыз ұл еді, үйленген, артында екі кішкентай қыздары қалды.

Алматы әкімі Александр Горюновты медальмен марапаттау жөнінде ұсыныс жасаған еді, бұл ұсынысты Қазақстан Президенті қолдады.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Алматы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!