Алматыда 234 келі героин жойылды

Фотография - Алматыда 234 келі героин жойылды

Машина жасау зауытының ыстық пешінде жойылған бұл героиннің қара базардағы құны – 8 млн. АҚШ доллары.

179 0

Машина жасау зауытының ыстық пешінде жойылған бұл героиннің қара базардағы құны – 8 млн. АҚШ доллары.

Жалпы жыл басынан бері есірткі трафигінің  халықаралық 7 жолы жабылып, заңсыз есірткі тасымалы бойынша 14 факт тіркеліп, 30 қылмыстық іс қозғалған.  Соның ішінде, 16 азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Жалпы заңсыз айналымда жүрген 408 келі есірткі тәркіленген. Оның 405 келіден астамы героин ал, 3 келісі амфетамин болып шыққан. Шараны Алматы қалалық прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қалалық департамент қызметкерлері бірлесіп ұйымдастырды.

Қайыржан Қамзаев, қалалық ҰҚК департаменті тергеу бөлімінің басшысы:

- Әрине, қазір ешкімге құпия емес, есірткі заты Ауғанстан аумағында өңдіріледі. Қазақстан аумағына Тәжікстан, Қырғызстан мемлекеттік территориялары арқылы контрабандалықжолмен жеткізіледі. Кейде тіпті Қазақстан арқылы Ресей, Еуропаға тасымалданылады.


Тегтер:

есірткі

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!