Енді қыз алып қашқандар 7 жылға сотталуы мүмкін

Фотография - Енді қыз алып қашқандар 7 жылға сотталуы мүмкін

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов өткен ғасырдан қалған қыз алып қашуға қатысты өз өңірінде ушыққан мәселеге өз пікірін білдірді.

320 0

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов өткен ғасырдан қалған қыз алып қашуға қатысты өз өңірінде ушыққан мәселеге өз пікірін білдірді.

Желтоқсанның басынан бері қазақстандықтар оңтүстікте қалыптасқан осы бір дәстүрді жоюға бағытталған белсенді жұмыстар жүргізе бастады. Естеріңізде болса, осыдан бірнеше апта бұрын ОҚО Мақтарал ауданында қыздың разылығын алмай, күштеп алып қашқандар туралы ролик ғаламторға салынған еді. Содан бері азаматтар мен құқық қорғаушыларда бір тыным жоқ. олар заң шығарушы органдарға хат жазып, адам тонағандарды 7 жылға бас бостандығынан айыруды талап еткен. Шымкент қоғамына бұл дәстүр терең еніп, жергілікті тұрғындар бұған қалыпты жағдай ретінде қарайды, дейді олар.

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов «Оңтүстік Қазақстан өңірінде сіздер айтып отырғандай жан түршігетіндей жағдайлар жоқ. Қазір қыз алып қашатындардың саны едәуір азайған. Жасырмаймын, 90-жылдардың басында өңірде мұндай проблема бар еді, алайда, қазір халық бұл мәселеге басқаша қарайды. Қызды алып қашудан гөрі құда түсіп алғанды дұрыс санайды. Өткен ғасырдың көзі болған келеңсіз дәстүр жыл өткен сайып ұмытылып, халық дұрыс ойлай бастады» - деп, құқық қорғаушыларға басу айтты.

Қазір Оңтүстік Қазақстандықтар арнайы форум өткізуді қолға алды. Кей белсенділер Қылмыстық кодекске қыз алып қашуға қатысты арнайы бап енгізуді ұсынып отыр.


Тегтер:

Шымкент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!