Ақтау полицейлеріне 95 қызметтік автокөлік және 120 қызметтік пәтер кілттері тапсырылды

Фотография - Ақтау полицейлеріне 95 қызметтік автокөлік және 120 қызметтік пәтер кілттері тапсырылды

Ақтауда полицейлерге 95 қызметтік автокөлік және Ақтау қаласы 30-ықшам ауданындағы тұрғын үйден 120 қызметтік пәтер кілттері тапсырылды

219 0

Ақтауда полицейлерге 95 қызметтік автокөлік және Ақтау қаласы 30-ықшам ауданындағы тұрғын үйден 120 қызметтік пәтер кілттері тапсырылды.

Үй салуға, қызметтік автокөліктерді сатып алуға қаражат облыс бюджетінен бөлінген. Салтанатты тапсыру рәсіміне Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев, өңірдің ішкі істер департаментінің басшысы Қайрат Дәлбеков қатысты.

«Ішкі істер органдарының қызметкерлері өз өмірлерін тәуекелге тігіп, күн сайын қылмысқа қарсы күресте алдыңғы шепте жүреді. Облыс әкімдігі полицияның материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне айтарлықтай назар аударады, себебі нәтижесінде бұл криминогендік жағдайды жақсартуға ықпал етеді», - деп атап айтты Алик Айдарбаев.

Жаңа автокөліктер департаменттің әкімшілік полиция басқармасының инспекторларына, ішкі істер органдарының учаскелік инспекторларына тапсырылды. Кілттер тұрғын үйге және тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұқтаж, кезекте тұрған қызметкерлерге тапсырылды.

Көзге түскен полицейлерге, сондай-ақ, құрмет грамоталары тапсырылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!