Жаңақалада оқушылар күрделі жөнделген мектепке қайта оралды

Фотография - Жаңақалада оқушылар күрделі жөнделген мектепке қайта оралды

Жаңақала ауданы орталығындағы Жаңақала жалпы орта білім беретін орта мектебі күрделі жөндеуден кейін қайта іске қосылды

203 0

Жаңақала ауданы орталығындағы Жаңақала жалпы орта білім беретін орта мектебі күрделі жөндеуден кейін қайта іске қосылды.

Екі ауысымда 882 оқушы білім алатын аталмыш мектеп 1980 жылы салынып, пайдалануға берілген еді. Жыл сайын 70-80 түлегін ұясынан ұшырып, соншама бүлдіршінге табалдырық аттататын мектеп ғимараты тозып, күрделі жөндеуді қажет ете бастаған. Биылғы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша күрделі республикалық бюджеттен 67 миллион теңге, облыстық қазынадан 7 миллион теңге, барлығы 74 миллион теңге бөлінді. Тек, қаржы кеш бөлініп, жөндеу қыркүйек айында, жаңа оқу жылымен қабаттаса басталды. Бұл, әрине, оқу процесіне уақытша біраз қиындық туғызды. Себебі, бұл мектеп оқушылары жөндеу біткенге дейін уақытша үш жерге бөлініп, үш ауысыммен, қысқартылған кестемен оқуға мәжбүр болды. Дегенмен бөлінген қаржыға жарияланған тендер жеңімпазы «Бекқалиев С» жеке кәсіпкерлігі (жетекшісі Сәбит Бекқалиев) күрделі жөндеу жұмысын уақтылы бастап, қарқынды әрі сапалы жүргізді. Жасалған ақаулық жобасы бойынша келісімшартта көрсетілген мектеп үйінің терезелерін ауыстырды, 2-3 қабаттардың еденін кафельдеді, жылыту жүйелерінің тұрбаларын ауыстырып, батареяларын тазартты, әжетхана, душ бөлмелерін жасады, тозығы жеткен электр желілерін жаңалады, кейбір сыныптардың еденін тақтайлап, шатырдың ұшқан шиферларын алмастырды, сырлап, әктеді. Бұл ауқымды жұмыс мерзімінде бітіп, жан-жақта бөлініп оқып жүрген балалар өз мектептеріне қайта оралды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!