Полиэтилен құбырын шығаратын зауыт іске қосылды

Фотография - Полиэтилен құбырын шығаратын зауыт іске қосылды

Шығыс Қазақстан облысында «Ақбұлақ» бағдарламасының қарқынды жүзеге асуына ықпал ететін жаңа өндіріс орны ашылды

195 0

Шығыс Қазақстан облысында «Ақбұлақ» бағдарламасының қарқынды жүзеге асуына ықпал ететін жаңа өндіріс орны ашылды.

Бесқарағай ауданында іске қосылған полиэтилен құбырын шығаратын зауыт облысты аталған бағдарлама аясында құбырмен қамтамасыз ететін болады. Сондай-ақ өндіріс ошағы өз өнімдерін алдағы уақытта Кедендік одаққа мүше елдерге экспорттауды жоспарлап отыр. Бесқарағай ауданының Канонерка ауылында ашылған полиэтилен құбырларын жасау зауыты 9 түрлі диаметрдегі, әртүрлі қалыңдықтағы құбырлар жасайды. Өндіріс орыны жылына 2 млн. 600 мың келі құбыр шығаруға қауқарлы. Мамандар мұндағы құбырлар жеңіл әрі болат құбырларға қарағанда анағұрлым сапалы екенін айтады. Жобаның жалпы құны 50 млн. теңгеден асады. Зауыт директоры, жергілікті кәсіпкер Арман Жақияновтың айтуынша, болашақта өнімдерді Кедендік одаққа мүше елдер нарығына шығару жоспарланып отыр.

- Белорусь еліне экпорттау өте қымбатқа түседі, сондықтан Новосибирск, Алтай өлкесімен жұмыс істейміз. Кедендік одақ аясында сол жаққа өнімдерімізді тасымалдаймыз,-дейді ол.

Зауытта болашақта кәсіпкерлікке қолдау көрсететін мекемелердің көмегі арқасында қосымша тағы 2 желі іске қосылып, өндіріс қанатын кеңге жаятын болады, деп хабарлайды 24.kz.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!