Қызылордада Тәуелсіздік құрметіне жәрмеңке өтіп жатыр

Фотография - Қызылордада Тәуелсіздік құрметіне жәрмеңке өтіп жатыр

Ел Тәуелсіздігінің 22 жылдығына орай өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйлап, азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесін өткізуде

137 0

Бүгін Қызылордада Тәуелсіздік күні мерекесіне орай жәрмеңке өткізіліп жатыр. Бұл туралы қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Балдырған Мәмен хабарлады.

«Ел Тәуелсіздігінің 22 жылдығына орай өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйлап, азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесін өткізуде», - делінген хабарламада.

Қаладағы «Арзан базар» аумағында өткізілген шараға Сырдария, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласына қарасты кент және ауылдық округтердің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысты.

Соның ішінде Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 15 көлікпен 2000 кг ет, балық, 450 кг сүт, 5,5 тонна күріш, 11 тонна картоп, 7 тонна пияз, 4 тонна сәбіз, 1,5 тонна капуста, 2150 кг көкөніс және жеміс-жидек өнімдерін, 10 бас тоқтыны халыққа арзан бағамен ұсынды.

Мереке қарсаңында өткізілген шараға қызылордалықтар алғыстарын жеткізді.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!