Көкшетауда жаңа балабақша ашылды

Фотография - Көкшетауда жаңа балабақша ашылды

Көкшетауда Тәуелсіздік күніне орай 240 орынға арналған жаңа бала-бақша пайдалануға берілді. Бұл туралы  Ақмола облысы әкімдігінің ресми порталында хабарланды

280 0

Көкшетауда Тәуелсіздік күніне орай 240 орынға арналған жаңа бала-бақша пайдалануға берілді. Бұл туралы  Ақмола облысы әкімдігінің ресми порталында хабарланды.

Мектепке дейінгі ұйымның ашылу салтанатына  облыс әкімі Қосман Айтмұхаметов қатысты. «Арай»  бала -бақшасы  Васильковский мөлтек ауданында бой көтерген. Мектепке дейінгі ұйымда 9 топ бар. Бала-бақшаны салуға қала бюджетінен 487 млн теңге қаржы бөлінген. Жаңа ғимаратта балғындарды тәрбиелеп, оқыту үшін  жан-жақты жағдай жасалған. Музыка, спорт залдары, хореография, физиокабинеттері жұмыс істейді.  Бүгінде облыс орталығында 32 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс істеп, биыл  бала-бақшамен қамту көрсеткіші 41 пайызға жеткен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!