Лауазымды тұлға сот шешімімен өз қызметіне қайта оралды

Фотография - Лауазымды тұлға сот шешімімен өз қызметіне қайта оралды

 Бұрын жұмыстан шығарылған Шыңғырлау аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Сағынғали Имашев өз қызметіне қайта орналастырылды

255 0

 Бұрын жұмыстан шығарылған Шыңғырлау аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Сағынғали Имашев өз қызметіне қайта орналастырылды.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, осы жылдың сәуір айында аудан әкімі аудан прокуратурасының ұйғарымы мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО-дағы тәртіптік кеңесінің ұсынысы негізінде бас құрылысшыны жұмыстан босатқан болатын.

Ауданның елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша тапсырыс беруші құрылыс бөлімі мен мердігер құрылыс фирмасы арасында ауыл ішіне жалпы сомасы 315 млн. астам теңгеге су құбырын тартуға мемлекеттік сатып алу туралы келісім жасалған. Келісімшартқа сәйкес құрылыс 2012 жылдың соңында аяқталуға тиіс болатын. Алайда 2013 жылдың қаңтар айында аудандық прокуратура аталмыш мекемені тексеру барысында мердігер компания тарапынан келісім міндеттемелерінің орындалмауына байланысты жұмыс комиссиясының актісіне қол қойылмағандығын анықтаған. Осыған орай прокуратура тапсырушыдан мердігерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы сотқа жүгінуін талап еткен. Имашев талап бойынша сотқа жүгінгенімен, құрылыс жұмысының 90 пайызының орындалғанын алға тартып, қалған 10 пайызын қысқа мерзім ішінде аяқтап беретінін айтып, соттан істі қараусыз қалдыруын сұраған. Тура осы өтініші оның жұмыстан шығуына себеп болған - деп хабарлады  ҚазАқпарат

С.Имашев аудан әкімінің өзін жұмысқа қайта қабылдауы туралы талапарызымен сотқа жүгінген. Бірақ бірінші сатыдағы сот оның талабын қанағаттандырмаған. Жазықсыз жұмыстан қағылған құрылыс бөлімінің басшысы бұдан кейін жоғары сатыдағы соттың апелляциялық алқасына жүгінген. Облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы аудандық соттың шешімін толықтай күшін жойып, жұмыссыз жүруге мәжбүр болған мерзіміне өтемақысын жұмыс берушіден өтеттіру және бұрынғы лауазымына орналастыру туралы қайта шешім шығарды. Сонымен қатар облыстық сот алқасы ҚР Бас прокуратурасы мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің атына лауазымды тұлғаның заңсыз жұмыстан шығуына әкеп соққан, аталған органдар қызметкерлерінің жіберген бұзушылықтары көрсетілген жеке ұйғарым шығарды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!