«Барлығы студенттер үшін» жобасы аясында университетте стоматологиялық кабинет ашылды

Фотография - «Барлығы студенттер үшін» жобасы аясында университетте стоматологиялық кабинет ашылды

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ мен Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасы арасында 2012 жылдың қараша айында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум аясында ЕҰУ студенттер медициналық орталығында стоматологиялық кабинет ашылды

255 0

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ мен Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасы арасында 2012 жылдың қараша айында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум аясында ЕҰУ студенттер медициналық орталығында стоматологиялық кабинет ашылды.

Университеттегі стоматологиялық кабинет үшін 36 ш.м орын-жай мен стоматологиялық құрал-жабдық бөлді, ал Денсаулық сақтау басқармасы кабинеттің мамандармен кадрлық қамтамасыз етілуін ұйымдастырды.

Ең алдымен, студенттер мүддесін ескерген Еуразия ұлттық университеті өз аумағында студенттер қауымдастығының игілігіне жұмыс істейтін студенттерге арналған толық медициналық кешенді қалыптастырған алғашқы жоғарғы оқу орны болып отыр. Сондай-ақ, «Барлығы студенттер үшін» жобасы аясында университетте студенттер мен Университет қызметкерлеріне анонимді кеңес беру үшін «Дауа» жастар денсаулық орталығы жұмыс істейді. Кеңес беруді жоғары білікті психиатрлар, гинекологтар мен дерматовенерологтар жүргізеді.

Мұндай әлеуметтік нысандар студенттерге көрсетілетін қолжетімді сапалы амбулаториялық-емханалық медициналық жәрдемнің сапасын арттыру, ауруларды ерте кезеңде анықтау және аурудың алдын алу, сауықтыру іс-шараларын әр бір студенттің өміріне енгізу, студенттердің профилактикалық тексерулерін, скринингтерін өткізуді мақсат етеді - деп хабарлады  baq.kz

Мұндай ынтымақтастық студенттер емханасының жүктемесін азайтып, студенттерге көрсетілетін медициналық жәрдемнің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік берді.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!