Қостанайда жоғалған бала даладағы шөп маясынан табылды

Фотография - Қостанайда жоғалған бала даладағы шөп маясынан табылды

Ата-анасы жоғалды деп іздеу салған сегіз жасар қыз баланы полиция қызметкерлері шөп маясынан тапты. Оқушы қыз үйінде екі күн болмаған

404 0

Ата-анасы жоғалды деп іздеу салған сегіз жасар қыз баланы полиция қызметкерлері шөп маясынан тапты. Оқушы қыз үйінде екі күн болмаған.

Туыстарының айтуынша, мектептен шыққан соң қыз бала әжесіне қонаққа барған. Ол облыс орталығының басқа ауданында тұрады екен. Келесі күні де үйіне бармай қалада одан ары қыдырған. Қалтасындағы барлық ақшасын тауысқан қыз үйіне жаяу бармақ болады.

Кешке қарай шалғайдағы Қостанай-2 шағын ауданына кеш жеткен ол іздеп жүрген полиция қызметкерлерін көріп, даладағы мая шөптің ішіне тығылған. Біраз уақыттан кейін полиция қызметкерлері баланы тауып алды. Оқушы қыздың туыстары ІІД басшылығына алғыс хат жолдап, онда тәртіп сақшыларының жұмысын ерекше атап өтуді сұраған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!