Ішкі әскер сарбаздары қырағылық пен қамқорлық танытуда

Фотография - Ішкі әскер сарбаздары қырағылық пен қамқорлық танытуда

Ішкі әскер жауынгерлерінің күнделікті қызметі халықпен тікелей байланысты

303 0

Ішкі әскер жауынгерлерінің күнделікті қызметі халықпен тікелей байланысты. Түзеу мекемелерін күзету бойынша тапсырма орындау арқылы жеке құрам қоғамды қауіпті элементтерден оқшауласа, маңызды мемлекеттік нысандарды күзету арқылы халық қазынасын қорғайды. Ал, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күзету – азаматтардың күнделікті тыныс-тіршілігі мен бейбіт өмірінің кепілі.

Осындай мемлекет пен қоғам қауіпсіздігі жолындағы жауапты қызмет барысында сарбаздар ерлікке пара-пар әрекеттерге барып жатады. Күні кеше жоспарлы қарауылда қырағылық пен батылдық нәтижесінде күзеттен қашып шықпақ болған қарулы қылмыскердің жолы кесіліп, қарауыл құрамының бұл ерлігі бүкіл елге мәшһүр болды. Жандос пен Нұрсұлтанның өз өмірлерін бәйгеге тігіп, қарулы қылмыскерді құрықтағаны бүгінде баршаға аян. Өмірде ерлікке қашан да орын барын және ол кез-келген уақытта, кез-келген жағдайда шұғыл да шебер қимыл арқасында ғана мүмкін болатынын мына бір оқиға тағы дәлелдеді.

19 желтоқсан күні 14 сағат 50 минут шамасында 5571 әскери бөлімінің сержант Данияр Дінасылов, кіші сержанттар Мамырбек Маханов, Қанат Көкубаев, Хамитжан Әлиакпаров бастаған 4 әскери жасағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күзету бойынша қызметті аяқтап, жеке құрамның жиналу орнына беттеп келе жатқанда Рыйымбек даңғылы мен Наурызбай көшесінің қиылысында қалың адам мен будақтаған қою буды байқады. Жол бойымен ағып жатқан ыстық су да әскери жасақтардың назарынан тыс қалмады. Оқиға орнына жақын барғанда әскери қызметшілер тас жолдың астымен өтетін жылу құбырының жарылып, судың асфальтті жарып шығып, айналаға атқылап жатқанын көрді. Ыстық судың буы едәуір аймаққа тарап, соның салдарынан жаяу жүргіншілер аяқ астына жайылған ыстық суды байқамай, кейбірі тіпті сел боп аққан суға түсіп жатты.

Төрт бірдей әскери жасақ қарап тұрсын ба, әскери бөлімнің кезекшісіне болған оқиға туралы хабарлап, дереу іске кірісті. Су жайылған аумақ қоршалып, абайсызда толарсықтан ыстық су кешуге мәжбүр болғандар құтқарылды. Жер астындағы құбыр жарылып, ыстық су жоғары қысыммен сыртқа атылғанда аяқ жолдың бойында үлкен шұңқыр пайда болып, су жиналған. Сол шұңқырға Роза Жетібаева есімді 60 жастағы қала тұрғыны құлап, әскери жасақтың арқасында ажал аузынан қайтты. Зардап шеккен азаматша су толы шұңқырдан шығарылып, келіп жеткен жедел жәрдем көлігіне тапсырылды. Сол күні біздің сарбаздар бұдан басқа тағы төрт адамға көмек көрсетіп, апат орнынан аман алып шықты.

5514 әскери бөліміне 2 -2013 шақырылымындағы жас толықтыруларды қабылдау үшін Қызылорда қаласына бара жатқан қабылдау тобы Алматы-Ақтөбе бағытындағы пойызда 19 желтоқсан күні қан қысымы көтеріліп есінен танып құлаған тағы бір азаматщаға жәрдем жасады. Топ құрамындағы фельдшер сержант Гүлжан Таубашева Индира Молдабекова есімді қызға келесі темір жол станциясына жеткенше алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіп, бетін бері қаратты. Науқастың өз сөзінен оның созылмалы қан қысымы ауруымен сырқаттанатыны анықталды.

Түзеу мекемелерін күзету бойынша жауынгерлік қызмет атқаратын жеке құрам да өз міндеттерін абыроймен атқаруда. Күнделікті қызмет барысында қырағылық пен адалдық арқасында құқықтық тәртіп сақшылары сотталғандар мен олардың сыбайластары тарапынан заң бұзушылықтарға жол бермеуде. Мәселен, 22

қараша күні 7552 әскери бөлімінің 4-атқыштар ротасы күзететін Алматы облысы Заречный кентіндегі 71-түзеу мекемесінде кезекші бақылаушы кіші сержант Мирас Тазабеков. С. Другово есімді келіншек түзеу мекемесіне алып келген сәлемдемедегі «Кислинка» кәмпиттерінің ішіне мұқият жасырылған ақ ұнтақ затты тауып алды. Сараптама қорытындысы оның жалпы салмағы 1, 79 граммды құрайтын героин екенін анықтады. Ішкі әскер Бас қолбасшысының бұйрығымен кіші сержант Мирас Тазабеков грамотамен марапатталса, бақылаушылар әскери жасағының бастығы сержант Ерқанат Сәкеновке Бас қолбасшының алғысы жарияланды.

Басты қаруы қызметтегі қырағылық пен әскери борыш атқаруға деген адалдық болып табылатын құқықтық тәртіп сарбаздары өздеріне жүктелген міндеттерді осылай абыроймен атқаруда. Қашан да құқықтық тәртіпке сенімді қалқан бола білетін біздің жігіттер азаматтарға деген қамқорлықтан да қалыс қалмақ емес.


Тегтер:

армия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!