Ақтауда алименттен жалтарған 6,5 мыңнан астам адам өз балаларына 15 млн. теңгеден астам борышты

Фотография - Ақтауда алименттен жалтарған 6,5 мыңнан астам адам өз балаларына 15 млн. теңгеден астам борышты

Ақтауда 6,5 мыңнан астам алименттен жалтарған адам 15 млн. теңгеге қарыздар. Олардың ішінде бірнеше әйел ғана бар, қалған 99 пайызы - ер адамдар

238 0

Ақтауда 6,5 мыңнан астам алименттен жалтарған адам 15 млн. теңгеге қарыздар. Олардың ішінде бірнеше әйел ғана бар, қалған 99 пайызы - ер адамдар.

«Борышкерлер саны үнемі өсіп келеді. Биылғы жылдың өзінде ғана 1 500-ден астам әйел алимент сұрап, сотқа арыз берді. Борышкерлер қатарында барлығы 6 мың 705 адам бар, кейбір баласынан безген ата-аналар өз балаларына тіпті 1-2 млн. теңгеден астам қарыздар болған. Қазір ақтаулықтар өз балалары алдында 15 млн. теңгеден астам сомаға қарыздар болып отыр. Оларға жасалған ескертулер әсер ететін емес, ал балалары шешелерінің ғана қаражаттарына өмір сүруде, олар әкелерінің ешқандай қамқорлығын көріп отырған жоқ. Олармен күрес «Қарызың болса - шекара жоқ» атты республикалық акция аясында жүргізілуде. Алиментін төлеуден қашып жүргендер ҚР әділет министрлігінің «Бүркіт» базасына енгізілуде. «Қара тізімге» енгендердің шетелге шығуына құқы жоқ. Бұл шара пәрменді деп ойлаймыз», - деді Ақтау қаласының алимменттерді өндіру бойынша бөлімінің сот орындаушысы Мөлдір Қуанова.

Бүгінде Маңғыстау облысында борышкерлер тізімінде (алимент, жол полициясының айыппұлы, коммуналдық төлемдер және т.б.) 37 мың адам бар.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!