Өскемендік зейнеткерлердің қоғамдық көлікте жүру ақысы өтелетін болды

Фотография - Өскемендік зейнеткерлердің қоғамдық көлікте жүру ақысы өтелетін болды

2014 жылы зейнетақысы 40 мың теңгеден аспайтын Өскеменнің зейнеткерлеріне қалалық қоғамдық көлікте жүру үшін 12964 теңге (7 АЕК) көлемінде бір жолғы төлем беріледі

152 0

2014 жылы зейнетақысы 40 мың теңгеден аспайтын Өскеменнің зейнеткерлеріне қалалық қоғамдық көлікте жүру үшін 12964 теңге (7 АЕК) көлемінде бір жолғы төлем беріледі.

Дербес шотқа төлемді Өскеменнің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі аударатын болады. Ол үшін зейнеткерлерден қандай да өтініш немесе басқа құжаттар талап етілмейді.

«Өскеменнің әкімдігі әлеуметтік көмек көрсету ережелері мен мұқтаж азаматтарды анықтау жобасын жасап шығарған. Аталған тұжырымдама қалалық мәслихатқа қарауға жіберіледі. Ережелерді мәслихат бекітіп, оны әділет органдарында тіркегеннен кейін әлеуметтік көмекті әр зейнеткерге жеке-жеке беру жоспарланып отыр», - деп хабарлады қала әкімінің орынбасары Бұлбұл Рамазанова.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!