Әскери қызметшілер жолда қалған 120 адамды құтқарды

Фотография - Әскери қызметшілер жолда қалған 120 адамды құтқарды

Қазақстан армиясының әскери қызметшілері Қарағанды облысында жолда қалған 120 адамды құтқарды. №36352 әскери бөлімінің құтқару жасағы қарлы боранның қақпанына түскен автокөліктерді алып шығу үшін 4 сағат бойы жол тазалаумен айналысты

280 0

Қазақстан армиясының әскери қызметшілері Қарағанды облысында жолда қалған 120 адамды құтқарды. №36352 әскери бөлімінің құтқару жасағы қарлы боранның қақпанына түскен автокөліктерді алып шығу үшін 4 сағат бойы жол тазалаумен айналысты.

Ауа райының күрт бұзылуына байланысты Алматы-Екатеринбург тас жолы бойында Қарағанды қаласынан 47 шақырым қашықтықтағы Ақбастау кентінің маңында 12 жүк көлігі, 10 жеңіл автокөлік, сондай ақ 2 автобус жолда қалған. Қар үйінділерінің биіктігі кей жерлерде 2 метрге дейін жеткен. Спассктегі оқу-жаттығу орталығының басшылығы 2 арнайы автокөлік пен бір шынжыр табанды техника бөлді.

Әскери қызметшілер жүргізушілердің Қарағанды қаласына дейін жетіп алуына көмектесті. Қар құшағынан құтқарылған адамдар құтқару жасағының басшысы майор Леонид Маклаковқа, сондай-ақ техникамен көмек қолын созған аға сержант Н.Тойбековке, сержант А.Землянушкин мен сержант Д.Кротовқа алғыстарын білдірді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!