Жаңа жыл қарсаңында 1,5 мың астаналық полицей күшейтілген тәртіпке көшеді

Фотография - Жаңа жыл қарсаңында 1,5 мың астаналық полицей күшейтілген тәртіпке көшеді

Жаңа жыл қарсаңында 1,5 мың астаналық полицей күшейтілген тәртіпке көшеді. Бұл туралы бүгін Астана қаласы Ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бақытжан Малыбаев мәлім етті

159 0

Жаңа жыл қарсаңында 1,5 мың астаналық полицей күшейтілген тәртіпке көшеді. Бұл туралы бүгін Астана қаласы Ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бақытжан Малыбаев мәлім етті.

«Алда келе жатқан жаңа жылдық іс-шаралар қарсаңында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ескерту мен жолын кесу үшін 2013 жылдың 23 мен 27 желтоқсаны аралығында кең ауқымды «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі», - деді ол брифинг барысында.

Оның айтуынша, іс-шараны өткізуге елорда гарнизонының жеке құрамы, ішкі әскерлердің әскери қызметкерлері қатысады

«Құқықтық тәртіпті» өткізуге шамамен 1,5 қызметкер мен 160 автокөлік жұмылдырылады.

Елорда гарнизонының жеке құрамы қызмет атқарудың күшейтілген тәртібіне ауыстырылады.

«Құқықтық тәртіп» барысында азаматтардың жаппайы шоғырлану және демалу орындарында, сонымен қатар, көше қылмыстарын жасаудың жолын кесу мен ескерту іс-шаралары жүзеге асырылады», - деп атап өтті Б.Малыбаев.

Сонымен қатар 31 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында полиция қызметкерлері 8 сағаттан емес, 12 сағаттан қызмет бабында болады.

Іс-шараны өткізу кезінде Департаменттің жедел қызметтерімен жекелеген жоспарлар бойынша шаралар өткізілмек. Учаскелік полиция инспекторларымен әкімшілік аумақтарын профилактикалық аралау, есепте тұратын тұлғаларды тексеру, қару иелерін тексеру күшейтіледі. Жол-патрульдік полиция жасақшаларымен жол қозғалысына және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бақылау жасау қарқындатылады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!