ҚТЖ-ның 250-ден астам қызметкері Астанада жаңа пәтер кілтін алды

Фотография - ҚТЖ-ның 250-ден астам қызметкері Астанада жаңа пәтер кілтін алды

Желтоқсанның 23-інде «ҚТЖ» ҰК» АҚ орталық ғимаратында «Саранда» жаңа тұрғын үй кешенінен 264 теміржолшыға салтанатты түрде пәтер кілті табыс етілді. Жаңа қоныс той иелерін компания президенті Асқар Мамин құттықтады

121 0

Желтоқсанның 23-інде «ҚТЖ» ҰК» АҚ орталық ғимаратында «Саранда» жаңа тұрғын үй кешенінен 264 теміржолшыға салтанатты түрде пәтер кілті табыс етілді. Жаңа қоныс той иелерін компания президенті Асқар Мамин құттықтады,  деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.  

 

«Биылғы жылдың өзінде ҚТЖ еңбеккерлерінің ішінде 806 адам елордасында пәтер кілтіне ие болды. Бұл акция өз ретінде  Астанада пәтер алу кезегінде тұрған жандарды үштен бірге азайтты», - делінген хабарламада.

 

Бәрінен бұрын, Компанияның тиісті нормативтік құжаттарына сәйкес осы пәтерлердің кілтіне ие болғандардың төрттен бірін яғни 244 пәтер иелерін 30 жасқа дейінгі жастар мен жас отбасылары құрайды. Жаңа пәтер иелерінің 89 пайызы өндірісте еңбек ететін мамандар.

 

Компанияның Тұрғын үй саясаты бағдарламасы келесі жылы да жалғасын табады. 2014 жылдың алғашқы тоқсанында Астанадағы жаңа тұрғын үй кешенінің үшінші кезегін тапсыру жоспарланып отыр.

 

2008 жылы басталған ҚТЖ тұрғын үй бағдарламасы аясында бүгінге дейін республика орталығы мен аймақтарда 3300 теміржолшы тұрғын үй жағдайын жақсартты.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!