Екібастұз әкімінің шыршасына мүмкіндіктері шектеулі 480 бала шақырылды

Фотография - Екібастұз әкімінің шыршасына мүмкіндіктері шектеулі 480 бала шақырылды

Екібастұз әкімі Александр Вербняк мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап қайырымдылық шыршасын өткізді

190 0

Екібастұз әкімі Александр Вербняк мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап қайырымдылық шыршасын өткізді,

деп хабарлады оның баспасөз қызметінен.

Жаңа жылдық мерекеге «Өнер» қалалық мәдениет орталығына 480 жас қонақ шақырылды. Әкіммен бірге балалар қол ұстасып ән айтып, би биледі, өлеңдер оқып, Аяз Ата мен Ақшақар өткізген маскарад костюмі байқауына қатысты.

Балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаған қала әкімі оларға көңілді жаңа жылдық демалыстар, оқуда, шығармашылық фестивальдар мен байқауларда сәттілік, отбасыларына амандық тіледі.

Әрбір балаға сыйлыққа әдемі жұмсақ ойыншық пен тәтті тағамдар салынған пакет берілді.

Мереке театрландырылған көрініспен аяқталды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!